АИТВ-мен ұзақ өмір сүрмейді. Ия, бұл 90-шы жылдары, алғашқы індет басталған кезде болды. «Queen» тобының вокалисті Фредди Меркьюри естеріңізде болса, ол қайтыс болуынан бір күн бұрын өзінің АИТВ-оң екенін мойындады және ЖИТС-тың салдарынан дамыған бронхопневмониядан қайтыс болды. Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді. Дәрі-дәрмектер пайда болды, АИТВ-оң адамдар сау адамдар сияқты өмір сүре алатын болды, ол үшін жұқтырғаннан кейін мүмкіндігінше препараттарды ертерек қабылдауды бастау керек.