Қалалық «Рассвет» радиосының эфирінде облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығының дәрігерлері сөз сөйледі. АИТВ-инфекциясының алдын алу, берілу жолдары және АИТВ-оң адамдар үшін антиретровирустық терапия тақырыбында сөз сөйлеу үнемі мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
ЖИТС орталығында медициналық және психологиялық көмек көрсететін психотерапевтер, дәрігер-инфекционисттер, терапевтер, эпидемиологтар, дерматологтар жұмыс істейді.