Облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталықтың ресурстық орталығында халықтың негізгі топтары (ХНТ) арасында аутрич қызметкерлер үшін семинар өтті.
Біздің түсінігімізше аутрич-жұмыс - бұл мекеме қабырғасынан тыс, олар үшін үйреншікті жағдайларда жүргізілетін жабық нысаналы топтарды қамту бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу. Аутрич-жұмысты өткізу - қауіпті мінез-құлықты төмендету және оларға жеке қорғаныс құралдарын ұсыну бойынша әңгімелесу, талқылау жолымен АИТВ және басқа да инфекциялардың алдын алуын жүргізуге мүмкіндік береді.
Аутрич жұмыс ХНТ арасында АИТВ-инфекциясының алдын алудағы маңызды жұмыстардың бірі. ЖИТС орталығының аутрич қызметкерлерімен көп жылдық бірлескен жұмысының арқасында Қостанай облысында инъекциялық есірткіні тұтынатын тұлғалар арасында АИТВ-инфекциясының парентералдық жолмен берілуін азайтуға қол жеткізілді.
Кездесу барысында ХНТ тестілеумен қамтуды жақсарту бойынша одан әрі жұмыс талқыланды, сондай-ақ аутрич қызметкерлер АИТВ-ның алдын алу бойынша сұрақтарын қойып, және оларға тиісті толық жауаптарын алды.