Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша «Денсаулық жолы-1» ҚБ Лисаковск қаласында қоғам қайраткерлері, атқарушы органдар, кәсіпорындар басшылары, денсаулық сақтау, білім беру өкілдері, кәсіпкерлер палатасы үшін «ЖЖБИ, АИТВ-инфекциясының және парентералдық вирустық гепатиттердің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Кездесуге қатысушылар биліктің барлық құрылымдарының осы бағыттағы жұмысқа мүдделілігі және ең бастысы қоғамда АИТВ/ЖИТС, ЖЖБИ, парентералдық вирустық гепатиттердің алдын алу бойынша ақпараттық жұмысты күшейту қажет деп шешті.