АИТВ-статусын білу үшін Сіз тіркелген емханада тегін, құпия түрде және ЖИТС ОО Достық кабинетінде тегін, жасырын түрде қан тапсыра аласыз.
Тексерілушінің қалауы бойынша АИТВ-тестілеу ЖИТС орталығында жасырын түрде өткізілуі мүмкін және ол үшін Сізге қандай да бір құжаттарды ұсыну талап етілмейді. Бұл жағдайда Достық кабинетке келу керек. Сіздің тегіңіздің орнына сіздің қан талдауыңызға тиісті нөмір тағайындалады, сол арқылы Сіз өз нәтижеңізді біле аласыз. Жасырын тексеру кезінде нәтиже ауызша хабарланады.