АИТВ диссиденттілігі-бұл адамның иммун тапшылығы вирусының болуын жоққа шығаратын АИТВ-позитивтер арасында кең таралған қоғамдағы қозғалыс.
Ал, АИТВ диссиденттер, бұл қозғалысты қолдайтын адамдар. Осы идеяға сенімді болған диссиденттер АИТВ-дан тек өздерін ғана емес, балаларын да емдеуден бас тартады. Нәтижесінде, бұл қозғалыстың белсенділерінің өзінде ЖИТС-тен қайтыс болған жағдайлар жиі кездеседі.
АИТВ диссиденттілігі - заманауи қоғамның қауіпті құбылысы. Себебі ол медициналық емес фактілерді үгіттейді, нәтижесінде АИТВ-ның таралуы жалғасады және бұл аурудан тек ересектер ғана емес, балалар да өледі. Өзіңе өзіңнің науқас және емделудің керек екенін мойындауға батылдық қажет. Бас тарту ешқашан тығырықтан шығатын жол болып табылмайды. Бірақ өміріңді қысқартады.