Қостанай қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі науқанға арналған баспасөз - конференциясы өтті. 2020 жылғы 6 қарашада Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрестің науқаны шеңберінде осы жылы «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» деп жарияланған «Nur Otan» партиясының Қостанай облыстық филиалы базасында «Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» КМК мүдделі ведомстволармен және бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, баспасөз- конференциясын ұйымдастырды. Баспасөз- конференция барысында Қостанай облысы бойынша 2020ж.31.10. эпидемиологиялық жағдай туралы деректер баяндалып, ведомствоаралық өзара іс-қимыл туралы маңызды мәселелер көтерілді.
Алдын алу жұмысы бөлімнің меңгерушісінің м.а. Неред Валентина Владимировна «Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» КМК айлықтың шеңберінде іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырғанын, алайда COVID-19 эпидемиологиялық жағдайға байланысты олардың барлығы әлеуметтік желілерді тарту арқылы өтетінін хабарлады.
Тыңдалған материалдың негізінде БАҚ өкілдері өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды.
Баспасөз-конференциясының қорытындысын бас дәрігердің орынбасары А.И.Жаманова қорытындылады, ол COVID-19 пандемия кезінде барлығы қауіпсіз болғанша ешкім қауіпсіз бола алмайтындығын айтты. Егер біз жетістікке жетуді қаласақ, онда бірде-бір адамды назардан тыс қалдырмауымыз керек.
АИТВ және COVID-19 пандемиясын тоқтату үшін стигма мен дискриминацияны жою, адамдарды назарға алу және біздің жауап әрекетімізді адам құқықтары мен гендерлік бағдарланған тәсілдерге негіздеу қажет. ЖИТС-ке қарсы жауаптың сәттілігінде маңызды рөл атқарған қауымдастықтардың көшбасшылығы мен қатысуы COVID-19-ға жауап беруде шешуші рөл атқарды. Біз қоғамдық белсенділік пен ынтымақтастықтың АИТВ-ға шалдыққан адамдарды ақпаратпен, қызметтермен, әлеуметтік қорғаумен және үмітпен қамтамасыз етудің кепілі болуының көптеген мысалдарын көрдік.
Алайда, мұндай ынтымақтастық қоғамдастықтардың ерекше жауапкершілігі бола алмайды. Үкіметтер, донорлар, дін көшбасшылары, азаматтық қоғам және әрқайсымыз әлемді сау ету үшін өз үлесімізді қосуымыз керек.
Бүгін де Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні адамдарға АИТВ-ның әлі аяқталмағанын еске сала отырып, өзінің өзектілігін сақтайды.