2020 жылдың 17 қарашасында «Рассвет» қалалық радиосының эфирінде «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» ұранымен өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында эпидемиолог-дәрігер Я.В.Бухметова сөз сөйледі. Өз сөзінде ол 2020 жылы COVID-19 пандемиясы адамзаттың назарын денсаулық мәселелеріне және пандемияның өмір мен тіршілік етуге қалай әсер ететініне аударғанын егжей-тегжейлі атап өтті. COVID-19 денсаулықтың теңсіздікті азайту, адам құқықтары, гендерлік теңдік, әлеуметтік қорғау және экономикалық өсу сияқты басқа да маңызды проблемалармен тығыз байланысты екенін тағы бір рет көрсетті.