Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында ЖИТС орталықтың қызметкерлері мен облыстың емдеу мекемелерінің сенімді дәрігерлері АИТВ-мен өмір сүретін балаларға барып, бағалы сыйлықтар табыстады: заманауи гаджеттер, ал сәбилерге тәтті сыйлықтар мен «Лего» конструкторлары.
Бұл акция біздің демеушілеріміздің немесе шын мәнінде қамқор адамдардың арқасында атап өтілді, себебі баланың шынайы қуанышынан артық ештеңе жоқ.