Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанын өткізу аясында облыстық ЖИТС орталығының мамандары «Астықжан» СО-нда халыққа түсіндіру акциясын өткізді.
Өзіне сенімді болу және өз денсаулығына қамқорлықпен қарау үшін әрбір адам өзінің АИТВ-статусын білуі тиіс. Мінез-құлықтағы қауіп факторлары мен клиникалық көрсеткіштер болмаса да, АИТВ-ға ерікті, анонимді немесе құпия түрде тест тапсыруға шешім қабылдауға болады.
Өз АИТВ-статусыңды білу-өзіңе және өзіңнің жақындарыңа жауапты болу деген сөз!