20 қарашада ІІД госпиталінің медицина қызметкерлері Дүниежүзілік «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» науқаны айлығын өткізу аясында АИТВ - инфекциясы туралы айтып берді. Медицина қызметкерлері денсаулықты сақтау және қорғау шаралары туралы айтып, сұрақтарға жауап берді. Шынында да, бүгінде иммун тапшылығы вирусын жұқтыру қаупі жынысына, жасына және әлеуметтік статусына байланысты емес.
Денсаулықты сақтау және толыққанды өмір сүру үшін әр адам өзіне және жақындарына қамқорлық жасауы керек. Ал, бұл үшін АИТВ-ға үнемі тексеруден өту қажет.