Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні атап өтіледі. Бүкіл әлемдегі адамдар АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігеді және ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алады.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әрқашан белгілі бір тақырыпқа арналады. Биыл бұл тақырып «Жаһандық ынтымақтастық, ортақ жауапкершілік» болды.
Бұл тақырып Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әлемдік масштабта қойып отырған міндеттердің өсіп келе жатқан тізімін толықтырады:
Әлемнің барлық өңірлерінде ақпараттық іс-шаралар өткізіледі.
Көптеген адамдар қызыл лента тағады — АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың хабардар болуының, қолдаудың және ынтымақтастықтың халықаралық белгісі.
АИТВ - жұқтырған адамдар өз өмірлерінің маңызды тақырыптары бойынша пікір білдіруге мүмкіндік алады.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдар тобы және ЖИТС-ке қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын басқа да қоғамдық ұйымдар өздері жұмыс істейтін қауымдастықтарды қолдауға және қаражат жинауға күш жұмылдырады.
Өткізілетін іс-шаралар ЖИТС эпидемиясына байланысты істердің ағымдағы жай-күйіне жалпы назар аударады.
Қазақстан Республикасында 2020 жылы COVID-19-ға байланысты науқан қысқа мерзімде-16-22 қараша аралығында өтеді. Бұл ретте АИТВ-ның алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың көпшілігін онлайн режимінде өткізу жоспарланып отыр.
Биылғы жылы COVID-19 пандемиясы адамзаттың назарын денсаулық мәселелеріне және пандемияның біздің әдеттегі өмірімізге қалай әсер ететініне аударды. COVID-19 денсаулық теңсіздікті азайту, адам құқықтары, әлеуметтік қорғау және экономикалық өсу сияқты басқа да маңызды мәселелермен тығыз байланысты екенін көрсетті. Олар бізден денсаулық сақтау саласындағы жауап беру шараларына, соның ішінде ЖИТС-ке жауап беру шараларына жаңа көзқарасты талап етеді.
Тең құқықты қоғам мүддесі үшін батыл көшбасшылық, барлығына денсаулық құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ мықты және әділ жаһандық қалпына келтіру сәті туды. Осы Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні біз елдерді бізбен бірге дені сау қоғам құру үшін күш-жігерімізді жандандыруға шақырамыз.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні бізге барлығын жаһандық ынтымақтастық пен ортақ жауапкершілікке шақыруға мүмкіндік береді.