АИТВ-инфекциясы бар адамның күнделікті өмірі ештеңемен ерекшеленбейді. Қазіргі медицинаның арқасында бұл ауру созылмалы аурулар санатқа көшті. АИТВ-дан тиісті емделуден өтіп және дәрігердің ұсынымдарына сүйене отырып, адам толыққанды өмір сүре алады: оның АИТВ-инфекциясы дамымайды және ЖИТС сатысына өтпейді. АИТВ-инфекциясын емдеудің заманауи әдістері қандағы вирус құрамын және оның берілу ықтималдығын нөлге дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Осылайша, өмір сүру ұзақтығы ағзаның табиғи қартаю процестеріне дейін азаяды және АИТВ-мен ауырмайтын адамнан ерекшеленбейді.