Облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталықтың мамандары «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының таңғы эфирінің «Тобыл таңы» бағдарламасына қатысты.
Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімнің меңгерушісінің м.а. Нагима Ташетова көрермендермен біздің өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы бөлісті.
Дәрігер-эпидемиолог Аида Мекебаева ЖИТС орталығы өткізетін алдын алу жұмыстар туралы әңгімелеп берді. Бұл АИТВ-ға қан алу арқылы халық арасында тұрақты ақпараттық акциялар.
Дәрігер-әдіскер Молдагали Хамзин жастар арасында АИТВ-инфекциясының алдын алуға толық тоқталды.
Дәрігерлер жүргізушілердің барлық сұрақтарына және көрермендердің қоңырауларына жауап берді.