27 ақпанда «СарыарқаАвтоПром» ЖШС аумағында «Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» КМК мамандары 80 адамды қамти отырып, халық арасында акция өткізді.
Акцияның мақсаты - халықты өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығына аса жауапкершілікпен қарауға, АИТВ-инфекциясымен ауыратындарға түсінушілікпен қарауға шақыру. Халықтың қауіпті мінез-құлыққа теріс көзқарасын қалыптастыру және салауатты және қауіпсіз өмір салтының артықшылықтары туралы айту.
Бұл акцияны эпидемиолог-дәрігер М.Алин, эпидемиолог-дәрігер А.Жаканова және мейірбике Г.Жалмухамбетова, А.Жусупова ұйымдастырып өткізді.
Мамандар АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу әдістері туралы айтып берді. АИТВ-ға экспресс-тестілеу әдісімен 42 адам тексеріліп, 18 адам ИФТ-дан өтті.