АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын адамдардың өміріне қандай оппортунистік инфекция қауіп төндіреді?
2016 жылы АИТВ-мен ауыратын 400 000 адам туберкулезден қайтыс болды. Бұл Африкада АИТВ-жұқтырған адамдар өлімінің негізгі себебі және бүкіл әлемдегі осы топтар арасында өлімнің басты себептерінің бірі.
АИТВ-мен өмір сүретін адамдарда туберкулез инфекциясының алдын-алу және емдеуді жүргізу үшін шешуші маңызы бар денсаулық сақтау саласында бірқатар негізгі стратегиялары бар:
дәрігерге барған сайын туберкулез симптомдарына күнделікті зерттеп-қаралу;
жасырын туберкулез инфекциясын емдеуді жүргізу (мысалы, изониазидпен профилактикалық емдеу);
туберкулез инфекциясымен күресу;
антиретровирустық терапияны ерте бастау.