1.Қан
2.Шәуіт, қынаптық бөлінділер (қынаптық секрет)
3.Емшек сүті
АИТВ ҚАЛАЙ БЕРІЛЕДІ?
Қазақстанда АИТВ тіркелген сәттен бастап АИТВ жағдайларының едәуір саны инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдарға тиесілі болды. Алайда, жыл сайын жыныстық жолмен берілу өсіп келеді және қазіргі уақытта АИТВ-позитивті адамдар арасындағы жаңа жағдайлардың жартысынан көбін құрайды.
АИТВ-ның БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ:
1. Жыныстық жол-қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы (вагинальды, анальды немесе оральды);
2. Қан арқылы:
АИТВ-позитивті адамнан қанды және оның препараттарын құю; ортақ немесе зарарсыздандырылмаған құралдарды: шприцтерді, инелерді, есірткіні дайындауға арналған ыдыстарды (сүзгілер, қасықтар, көпіршіктер) пайдалана отырып, инъекциялық есірткіні тұтыну;
стерильді емес құралдарды қолдану (татуировкалар, пирсингтер және т.б.);
бөтен адамдардың ұстара керек-жарақтарын, қан қалдықтары көрінетін тіс щеткаларын қолдану кезінде.
3. АИТВ-позитивті анадан балаға жүктілік, босану және емізу кезінде.
Егер жүкті әйелде АИТВ анықталса, онда балаға АИТВ-ның берілу қаупін төмендету үшін профилактикалық емдеу үшін ЖИТС орталығының дәрігеріне жүгіну қажет. Дәрігерге уақтылы бару және тиісті дәрі-дәрмектерді қабылдау кезінде баланың анасында АИТВ болса да, дені сау болып туылуы мүмкін.
Есіңізде болсын, АИТВ-инфекциясы әлеуметтік мәртебе бойынша таңдамайды, ол кез-келген адамның қанында болуы мүмкін!
Өзіңе қамқор бол, АИТВ-ға зерттеліп-қарал және профилактиканың негізгі шараларын есте сақта!