АИТВ-инфекциясын жұқтырудың жанасудан кейінгі профилактикасы (ЖКП) — бұл АИТВ-мен ықтимал жанасудан кейінгі АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында медициналық араласу. Әдетте бұл алғашқы көмек көрсету және қысқа мерзімді АРВ препараттарын тағайындаудан тұрады (28 күн). Бұл ретте тестке дейінгі және тестіден кейінгі кеңес берумен АИТВ-ға тестілеу жүргізу, сондай-ақ диспансерлік бақылау мен қолдауды қамтамасыз ету қажет.
ЖКП барлық медициналық мекемелерде ұсынылуы керек және жұмыс орнында жұқпалы агенттермен қауіпті байланыс мүмкіндігін төмендететін стандартты сақтық шараларымен бірге қолданылуы керек. ЖКП жалпыға қол жетімді болуы керек. Жасына, жынысына, жыныстық бағдарына, азаматтығына, кәсібіне немесе қамауда болуына қарамастан, барлық адамдар оған құқылы.
ЖКП жүргізу туралы шешім тәуекел факторларын клиникалық бағалау негізінде қабылданады. ЖКП: АИТВ-мен кәсіби байланыста болған кезде немесе мұндай байланыстың жоғары ықтималдығы кезінде; кәсіби қызметпен байланысты емес кездейсоқ байланыста болған кезде немесе мұндай байланыстың жоғары ықтималдығы кезінде, оның ішінде емдеу мекемесінде ұсынылуы тиіс.
ЖКП алған адамдарға қатысты адам құқықтары мен дәрігерлік құпия сақталуы керек. Байланыс жағдайларын анықтау және ЖКП жүргізу үшін АИТВ-ға кеңес беру және тестілеу жүргізуге ерікті түрде ақпараттық келісім алу қажет.