Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөнiндегi орталығы» КМК мамандары «12 ай» ЖШС-гі аумағында 8 сәуірде 86 адам қамтуымен халық арасында акция өткізді.
Акция мақсаты-АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша хабардар ету, оң АИТВ азаматтарының дискриминациясын төмендету және АИТВ- инфекциясына тестілеуге халықты мотивациялау.
Әрбір адам өзінің АИТВ-статусын анонимді, тегін және шұғыл алуға мүмкіндік алды.
АИТВ-инфекциясы зерттеуіне барлық санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтап -41 адам өтті.
Экспресс-тестілеу кеңес берумен сүйемелденді, оның барысында мамандар вирустың берілу жолдары, құлықтағы тәуекелдер мүмкіндігі, салауатты, қауіпсіз өмір салтының артықшылықтары туралы, АИТВ-ға тұрақты тестілеу қажеттілігі туралы және өз денсаулығына қамқорлық жасайтын әрбір адам өзінің АИТВ-мәртебесін білуі тиіс екендігі туралы айтты.