ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөнiндегi облыстық орталығының қызметкерлері дағдарыс жағдайында немесе психофизикалық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалары бар әйелдер үшін оңалту орталығында акция өткізді.
Орталықтың ұжымы қолдан келген көмегін жинады:әйелдерге арналған киім, балаларға арналған ойыншықтар.
Бұл акцияның мақсаты-қоғамның назарын көмек пен қолдауды қажет ететіндерге аудару.
Акция шеңберінде эпидемиолог-дәрігер Валентина Неред ВИЧ-инфекциясының таралу жолдары және алдын алудың негізгі принциптары туралы айтып берді.