Шевырёва Марина Владимировна-инфекционист дәрігері. 2005 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясын аяқтады.2006 жылы интернатураны бітіргеннен кейін Қарасу АОА-да педиатр-неонатолог болып жұмыс істеді.
2011 жылы инфекциондық аурулар бойынша бастапқы дайындықтан өтті. Қостанай қалалық балалар ауруханасында инфекциондық бөлімшесінде инфекционист, ординатор болып, кейін бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2019 жылдан бастап «Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығы» КМК инфекционист болып жұмыс істейді. АИТВ-инфекциясын алдын алу және емдеу мәселелері бойынша балалар мен ересектердің қабылдауын жүргізеді.