Шрифт өлшемі

Түс сызбасы

Әріпаралық интервал

Сурет

Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй (картада)
kst_oc_aids@med.mail.kz
Қызыл желі: +7 (7142) 37-05-80
Қабылдау бөлмесі: +7 (7142) 37 05 90
Пациенттерге көмек көрсету үстелі: +7 (7142) 37 05 90
Ішкі аудит қызметі: +7 708 475 18 50
KAZ
РУСENG
ҚОСУ.
ӨШІРУ.
АИТВ терапиясының жаңа әдісі
CD4 жасушаларының метаболизмін қалпына келтіру-АИТВ-ны емдеудің жаңа тәсілі
Канадалық Ұлттық ғылыми институттың (INRS) зерттеушілері CD4 жасушаларының энергиямен қамтамасыз етілуін арттыру — бұл АИТВ-дан табиғи иммундық қорғанысты күшейтудің тиімді әдісі дейді.
АИТВ әдетте,  иммундық жүйенің өткізгіші болып саналатын лейкоциттер түрі CD4 лимфоциттерін өршітеді.Бұл жасушалардың энергия алмасуын қалпына келтіру адамдарға вирустан өзін-өзі қорғауға мүмкіндік береді. Зерттеу көрсеткендей, метаболизмнің жақсаруымен CD4 жасушаларының вирустан қорғанудағы тиімділігі едәуір артады.
Метаболизмді қалпына келтіру үшін ғалымдар «аутофагия»деп аталатын жасушаларды рецуркуляциялау процесін қолданды. CD4 жасушаларында Аутофагия энергия көзі ретінде қызмет ететін митохондрияны қоректендіру үшін аминқышқылдарын жасайды.Содан кейін бұл энергия АИТВ-дан қорғауда маңызды рөл атқаратын интерлейкин-21 (IL-21) ақуызын шығару үшін қолданылады.
Алдыңғы зерттеу IL-21 ағзаның иммундық жүйесін «қайта оқытып», оның АИТВ-ға қарсы тиімділігін арттыра алатындығын көрсетті.
«Біздің нәтижелеріміз аутофагияның АИТВ-ны және басқа да вирустық инфекцияларды емдеудің емдік пайдасын растайды. Бұл механизм митохондрий метаболизмін қоректендіретін түрлі энергетикалық заттарлы ұсына отырып тиімді вирусқа қарсы әсер береді», - дейді зерттеушілер.
Ғалымдардың пікірінше, метаболизм жолына әсер ету, ағзаның АИТВ-дан табиғи қорғалуын қамтамасыз етуі мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Канададан келген ғалымдардың тағы бір тобы Ab-CD 4 интиденелері көмегімен АИТВ-ны емдеудің жаңа әдісі бойынша жұмыс істеуде. Ab-CD 4  гибридтері АИТВ-ның әртүрлі штамдарының белсенділігін төмендетеді, содан кейін иммундық жүйенің көмегімен жұқтырған жасушаларды өлтіреді.
 
Қазақстан Республикасы, Қостанай қ.
Амангелді, көш., 134 үй
+7 (7142) 37-05-80+7 (7142) 37 05 90Пациенттерді қолдау +7 (705) 475 1850kst_oc_aids@mail.ru
+
Сообщение сайта