ҚДИАҒО және ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі жаһандық қорды іске асыру тобы Қостанай облысының «Денсаулық жолы-1» ҚБ және ЖИТС орталығымен табыстарды, проблемалар мен оларды шешу жолдарын талқылау бойынша жұмыс кездесуін өткізді. «Денсаулық жолы-1» ҚБ 2021 жылға арналған ИЕТТ-мен жұмыс бойынша есепті ұсынды.
- «АҚ грантының және ИЕТТ арасында облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықпен тиімді ынтымақтастықтың арқасында, облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың айтарлықтай жақсарғаны атап өтілді», - деп атап өтті ҚБ басшысы Л.Томиловская. Биылғы жылы ЖИТС ОО және «Денсаулық жолы-1» ҚБ сәтті адвокациясы арқасында өңірде алғаш рет халықтың негізгі топтары арасында профилактикалық іс-шаралар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлінді. Кеңес барысында аутрич-қызметкерлерге сыйақы мөлшерін арттыру қажеттілігі, сондай-ақ төлемге сараланған тәсілді енгізу атап өтілді. МҚ іске асыру тобының ұлттық үйлестірушісі Т.Дәулетғалиева 2021 жылғы қаңтардан бастап барлық аутрич - қызметкерлерге сыйақы мөлшері МҚ келісімі бойынша 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылатынын хабарлады.