ЖИТС ОО мамандары «Емшан» ОСО аумағында барлық санитариялық-эпидемиялық талаптарды сақтап халық арасында АИТВ-инфекциясына анонимді, тегін экспресс-тестілеуге акция өткізді.Қалағандары АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеу әдісімен зерттеуден өтті, жалпы қамту- 70 адамды құрды.
Акцияның барлық қатысушылары АИТВ-инфекциясын алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық білім беру материалын алды.
Акцияның мақсаты халықты өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру; АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу әдістері туралы хабардар ету; халықтың қауіпті мінез-құлыққа теріс көзқарасын қалыптастыру; салауатты және қауіпсіз өмір салтының артықшылықтары туралы айту; АИТВ-инфекциясымен ауыратын науқастарға ниеттестігін білдіру болды.
Акция өткізді:
Мейірбике Жалмухамбетова Г.Ч. және педагог Кадрон С.А.