Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және күресу жөніндегі орталығы «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ- В.Двуреченский атындағы ауылшаруашылығы институтында студенттерге семинар өткізді.
Алдын алу жұмысы бөлімінің педагогы С.С.Кадрон АИТВ-инфекциясының берілу жолы мен әдістері туралы айтып берді.Есірткілік және психобелсенді заттарды тұтынудың теріс салдары, сонымен қатар ішімдікті теріс пайдалану туралы айтып берді. «Дұрыс шешім-АИТВ туралы білу керек» бейнеролигі қаралды. Қаралғаннан кейін АИТВ-инфекциясын алдын алу мәселесі бойынша дискуссия өтті.
«Тәуекел деңгейі»; «Толеранттық қарым-қатынас»; «Сіз не істер едіңіз?» тренингтері өткізілді.Іс-шара барысында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.