Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен 1 наурыз кемсітушілікке қарсы күн ретінде атап өтіледі. БҰҰ-ның биылғы ұраны – «Зиян келтіретін заңдарды жою. Мүмкіндіктерді кеңейтетін заңдарды қабылдаңыз.
Қазақстанда ВИЧ індетін жұқтырғандардың 80 пайыздан астамы өз мәртебесін біледі.
АИТВ-ға байланысты кемсітушіліктің кез келген нысанын болдырмаудың мемлекеттік кепілдіктері Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде Конституция мен «Халық денсаулығы туралы» кодексінде заңнамалық деңгейде бекітілген. Елімізде АИТВ-ның алдын алу, тестілеу, емдеу және күтім көрсетуді қамтамасыз етуге бағытталған ЮНЭЙДС 95-95-95 стратегиясы жүзеге асырылуда.