11 сәуірде Қостанай облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күресу жөніндегі орталығының қызметкерлері волонтерлермен бірге теміржол вокзалы ауданында акция өткізді. Іс-шараның қатысушыларының мақсаты - қаланы есірткі жарнамасынан құтқару болды.
Статистикалық деректерге сәйкес АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың төмендеуі облыстың аумағында «соли, скорость» жаңа синтетикалық есірткілердің таралуымен түсіндіріледі. Тұрғын үйлердің фасадтарында, оқу орындарынан алыс емес автобус аялдамаларында "Скорость", "Telegram" жазбалары көбейіп кетті. Өкінішке орай, қарапайым қалалықтар синтетикалық есірткілерді дәл осылай жарнамалайтынын білмейді.
Акция нәтижесінде 25 жазбалар сүртіліп жойылды, ал волонтерлер, граффити-суреткерлер жарнамалық жазбалардың орнына салауатты өмір салты жайлы позитивті суреттерді қуана-қуана салды.