«Мир Сантехника» сауда үйінің аумағында Қостанай облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, халық арасында АИТВ-инфекциясына анонимді, тегін экспресс-тестілеу бойынша профилактикалық акция жүргізді.
Акцияның барлық қатысушылары АҚТҚ алдын алу бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын алды.