Дүниежүзілік денсаулық күні-1950 жылдан бастап жыл сайын 7 сәуірде атап өтіледі. Бұл күні 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысы күшіне енді. Дүниежүзілік денсаулық күні идеясы 1948 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының бірінші сессиясында ұсынылды. Бірақ 1948 жылы бұл Дүниежүзілік күн 22 Шілдеде, ДДҰ Жарғысын ратификациялау күні атап өтілді.
ДДҰ жыл сайынғы Дүниежүзілік денсаулық күнін кез-келген тақырыпқа арнайды және осы күні де, 7 сәуірден кейін де әр түрлі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Атап айтқанда, оларға БҰҰ Бас хатшысы мен ДДҰ бас директоры осы күнге арналған жыл сайынғы Жолдауларында назар аударады.