«Қымбатты әріптестер! Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Көп оптимизм, шыдамдылық, өзара түсіністік, ұжымда жақсы қарым-қатынас, мықты денсаулық тілеймін. Біз бірге-керемет командамыз!»,- деп құттықтады облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Марат Серікбайұлы Күзембаев.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің грамотасымен ЖИТС ОО бас дәрігерінің орынбасары А. Г. Чижков марапатталды.
Қостанай облысы әкімінің грамотасы диагностикалық зертхана меңгерушісі Т. Т. Қойшымановқа табыс етілді.
Денсаулық сақтау басқармасының грамоталарымен дәрігер-эпидемиолог А. К. Каирбаева; медбике Г. К. Алтынбаева марапатталды.. Келесі қызметкерлер облыстық ЖИТС орталығының грамоталарымен марапатталды: А. А. Махотин, Б. А. Саманов, Ж.С. Міржақып.