Емдеу-алдын алу жұмысы және диспансеризациялау бөлімнің меңгерушісі
Руди Светлана Николаевна
Жоғары біліктілік санатты дәрігер
Емдеу-алдын алу жұмысы және диспансеризациялау бөлімі:
- Динамикалық бақылауды, антиретровирустық емдеуді және зертханалық-диагностикалық зерттеулер кешенін қамтитын АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастарға емдеу-алдын алу көмекті ұйымдастыру және көрсетуді;
- Халықтың негізгі топтарының өкілдері мен пациенттерде ЖЖБИ-ді диагностикалауды және емдеуді;
- Пенитенциарлық мекемелерде пациенттерді бақылау, диспансерлеуді жүргізуді;
-АИТВ жұқтырған адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне медициналық-психологиялық көмек көрсетуді;
-АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерге: жүктілік кезінде, босану кезінде және жаңа туған нәрестелерге алдын алу вирусқа қарсы ем ұсыну бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуді;
- Отбасын жоспарлау мәселелері бойынша пациенттерге консультациялық көмек көрсетуді;
- АИТВ-ға тестке дейін және тесттен кейін психоәлеуметтік кеңес беруді;
- Жанасудан кейінгі антиретровирустық профилактикаға халықтың қол жетімділігін қамтамасыз етуді;
- Пациенттерге құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсетуді;
- Диагностика, емдеу, психоәлеуметтік кеңес беру, жанасудан кейінгі профилактика бойынша іс-шаралар мәселелері жөнінде медициналық ұйымдар мен ведомстволардың медициналық қызметтеріне практикалық және консультациялық көмек көрсетуді;
- Пациенттерге емдеу-алдын алу көмек көрсету мәселелері бойынша қаланың емдеу мекемелерімен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады.